Жақсы жаңалық·2/4

Құдайдың құтқару жоспары

Сіз әлем бұзылғандай және онымен бірге біз де бұзылғандай сезіндіңіз бе? Көбінесе әлемді және өзімізді түзетуге тырысуымыз тек көбірек проблемаларға әкеледі. Бірақ жақсы жаңалық бар: Құдай өз сүйіспеншілігімен бізге құрметке ие болу үшін жол жасады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
Romans 6:23

For the wages of sin is death, but the gift of God is eternal life in Christ Jesus our Lord.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
1 John 5:11

And this is that testimony: God has given us eternal life, and this life is in His Son.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
1 John 5:13

I have written these things to you who believe in the name of the Son of God, so that you may know that you have eternal life.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Қандайда бір нәрсе дұрыс емес сияқты ма? Әуелде, Құдай әлемді жақсылыққа толы қылып жаратты. Бірақ, біз Құдайға мойынсұнбай, өз жолымызды таңдап, Одан алыстадық. Әлем де, сондай-ақ біз де бұзылдық. Киелі кітапта мұны күнә деп атайды. Ал ол жүрегімізден шығып әрекетке, әрекеттен әдетке айналады. Мойынсұнбаудың табиғи нәтижесі - өмір қайнар көзінен құр алақан қалу. Бұл бөлектенуді біз кінә, ұят, ластануды басымыздан өткізгенде сезіне аламыз. Алайда, Киелі Құдайдан алыстау арқылы, біз күнәмізден арылып, өмірімізді қайта қалпына келтіре алмаймыз. Егер осылай аяқталғанда, бұл оқиға қайғылы болар еді, - бірақ Құдай бізге басқа жолды дайындап қойған. Оның әуел бастан бізді құтқару жоспары болды! Құдай Өз жоспарын біздің ата-бабамызға білдірген. Киелі кітапта, Ыбырайым Құдай алдында сенім бойынша әділ адам болып есептеледі. Құдай Ыбырайымның өз ұлын құрбандыққа беру шешімін, Өзіне мойынсұну әрекеті деп қабылдады. Алайда, Құдайдың араласуымен, Ол құрбандыққа Ыбырайым ұлының орнына тоқтыны қамтамасыз етті. Құдай - әділ, ал біз өлімге әрі Одан алыстауға тиіспіз. Сондай-ақ, Құдай бізді сүйеді, біздің Онымен бірге мәңгі өмір сүргенімізді қалайды. Құдай Ыбырайымның құрбандыққа баласының орнына осы керемет тоқтыны алмастырғанындай, Ол соңғы мінсіз құрбандық ретінде бізге Исаны қамтамасыз етті. Иса біздің күнәміздан арылтып, күнә құлдығынан, яғни рухани өлімнен азат етіп, бізді әділ етеді. Иса, яғни толықтай Құдай, біздің құртылған әлемімізге кіріп, кіршіксіз таза өмір сүру үшін толықтай адамға айналды. Ал Ол қайтыс болғанда, біздің ұят істерімізді әрі жазамызды Өз бойына алды. Ол біз лайықты болған өліммен өлді. Үш күннен соң, Ол біздің қайта өлмеуіміз үшін, қайта тірілді. Киелі кітаптағы осы Ізгі хабар - Құдайдың бізге Онымен мәңгі бірге мәңгілік өмір сүру үшін жол дайындады. Құдайдың Иса Мәсіх арқылы жасағанына сеніміңді артқанда, Ол сенің ұят ісіңді құрметке, кінә ісіңді әділдікке алмастырады. Киелі кітапта былай делінген, "Күнәнің беретіні - өлім, ал Құдайдың беретін сыйы - Иеміз Иса Мәсіхтегі мәңгілік өмір." Алайда сыйлық сенікі, егер де оны қабылдасаң. Сен мұны кез келген уақытта мінажат арқылы жүзеге асыра аласың.
JesusFilm