Әйелдер ресурстары·14/80

Жатку Лейба нобайы
БөлімЖатку Лейба
La Busqueda - Іздеу нобайы
БөлімLa Busqueda - Іздеу

Қолөнер

Мариям мен оның досы Далия Ривкаға келеді. Бірақ Ривка мен күйеуі оның салық жинаушы ретіндегі жұмысы үшін төбелеседі. Ривка кешірім сұрап, Марияммен бірге қайтуды сұрайды. Ривка мен Сара жүн тазалап жатқанда сөйлеседі. Сара жүкті болудан шаршағанын және күйеуі Айюб екеуі оның отбасына жақындауға үміттенгенін түсіндіреді. Ол ренжіді, өйткені ол өзін күтуде және Құдайдан алыс сезінеді. Ривка оны Исаның шәкірттері де кейде жалғыз сезінетініне сендірді. Ол шәкірттердің Исамен бірге қайықта болған уақытын айтады. Көлге дауыл соғып, Иса ұйықтап қалды. Қайық суға түсіп, шәкірттері өлетін болды. Сондықтан олар Исаны оятып, Исаның оларға қамқорлық жасайтынын сұрады. Иса дауылды тыныштандырды. Бірақ Ол оларға сенімдері аз болғаны үшін әшкереледі. Қорыққан дұрыс болды. Бірақ олар Исаның оларға қамқорлық жасайтынына күмәнданды. Сарбаздар есікті қағып, Муссаға шақырту алады. Ол Бейрутқа жұмыс істеу үшін есеп беруі керек. Мариям Мұсаға шақыру қағазын егістікте алып кетуді талап етеді. Сара бұл тағы бір алаңдататын нәрсе екенін айтады және олардың барлық қиындықтарында Құдайдың қайда екеніне таң қалады. Ривка суреттеу үшін лас жүнді пайдаланады. Сара енді кір жүнді көреді, бірақ одан жасайтын әдемі кілемшені де көреді. Ривка Құдай бізді қазір көреді, бірақ ол біздің қандай болатынымызды да көре алады дейді. Оның айтуынша, Исаның елшісі Пауыл бізді Құдайдың қолөнері деп атайды.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
John 3:16

For God so loved the world that He gave His one and only Son, that everyone who believes in Him shall not perish but have eternal life.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Philippians 1:6

being confident of this, that He who began a good work in you will carry it on to completion until the day of Christ Jesus.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Ривка Қол жұмысы Римдіктер әркімнен талап ететін көлемнен артық Алдың деуге аузың қалай барады? Һарон, тыңдашы, сен кейде ішкен кезде өзіңнің не істегеніңді анық білмейсің... Ішкен дейді! Қалай білмеймін? Кешкі аспен бірге азғантай шарап ішемін. Онда тұрған не бар? Ол әйел өтірікші, Ривка. Оған жақтаспа. Жоқ, қазір емес. О, Мәриям, Дәлия, кіріңдер, кіріңдер. Келіңдер. Отырыңдар. Анаңның қалы қалай? Ривка, Менің төзімім бітті... Мен сенен... Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер? Мұса салығынан құтылу үшін қызын жібергеннен сау ма? Сене алмаймын! Не деген қорқақ өзі. Ой, қымбаттым-ай, кешірші. Не айтарымды білмеймін. Күйеуім бүгін біртүрлі болып жүр өзі. (абыржып) Ештеңе етпейді. Анам сізге мына құрмаларды беріп жіберді. Көмегіңіз үшін жіберген азғантай алғысы ғой. Әуре болды ғой. Рақмет. Ал енді... барайық. Анаң мен әпкеңді көрейін әрі таза ауа да жұтып келейін. Ривка апай! Қош келдіңіз. Қалайсыз? Жақсы. Анаңның қалы қалай бүгін? Жақсырақ. Бүгін Амираға барып, ауру балаларына қарады. Анаң өзі толық сауығып болмаса да, басқаларға сондай көмектескісі келеді екен. Мұнысы игілік әкеледі. Иә. (тілектестікпен) Ал сенің қалың қалай, Сара? Анаң мен үй-ішіңе қоса қарап, шаршаған шығарсың. Соңғы кезде қатты шаршап жүрмін. Тағы да жүкті болдым. (қуанып) О-о! (уайымдап) Қорқатын шығарсың. Балаң тағы да түсіп қалады деп? Әйүп екеуіміз Яһудеядан кетпекпіз. Оның ата-анасы тұратын Антақияға көшкіміз келеді. Иә. Бірақ жүкті бола тұра қалай жол жүремін? Дегенмен мұны кейінге қалдырғанымыз дұрыс емес сияқты. Неге олай дейсің? Өйткені бұл баламнан да айырылып қалуым мүмкін. Құдай... Менен тым алыс сияқты сезінемін, Ривка апай. Тіпті, Оған енді қалай мінажат етуді де білмеймін. Исаның шәкірттері де кезінде Құдай олардың қамын ойламайды деп сезінген. Шын ба? Иә. Бірде олар Исамен бірге Ғалилея көлімен жүзіп бара жатқан. Иса қайықта ұйықтап қалған кезде көлде қатты дауыл көтерілді. Шәкірттер өліп қаламыз ба деп қорыққан болатын, дәл сен құрсағыңдағы балаң үшін қорыққандай. Олардың қорқатындай жөндері болған еді. Қайықтың ішін су алып кетіп, олар батып бара жатты. Сондықтан олар Исаны оятып, айқайлай бастады: "Ұстаз, құритын болдық! Жағдайымызды ойламайсыз ба?" Иса орнынан тұрды да, жел мен толқындарға тыйым салды. Шәкірттер Исаға жалбарынды... Бірақ кейін оларды айыптады. Иса оларға: "Сенімдерің қайда?", - деді. Сонда қалай? Қауіп төнген кезде шәкірттердің Исаны оятқаны дұрыс болмады ма? Меніңше, дұрыс. Дұрыс. Мәселе неде? Шәкірттер Иса олардың қамын ойламайды, және құтқаруға күші жеткіліксіз деп күмәнданғандығында еді. Бірақ, әрине, Иса шәкірттерінің қамын ойлады және оларды құтқаруға құдіретті болды. Иса сені де, мені де ойлайды! Жүніс ұлы Мұса деген тас қашаушы осында ма? Ол жоқ. Ол менің әкем. Оны Бейрутты қайта тұрғызу жұмысына шақыртты. Екі аптаның ішінде бекініске келсін. Әкем Бейрутке кетуі керек! Жасақшылар солай деді. Мынаны әкеме апарып беруім керек. Нұх, жүр кеттік. Апай, жетпегені осы енді! Түсінемін, жаным. Нақұм деген көршімізді... бір жыл бұрын шақыртқан, бір жазатайым оқиғадан қаза болды. Қазір қиын заман. (жылағысы келіп) Апай, бұған қалай төземін? Осындайда Құдай қайда? Нұра апай, келіңіз. Жай, өтіп бара жатып... жасақшыларды көріп қалдым. Оларға не керек екен? Бұйрық қағаз әкелді. Әкеміз Бейрутке кетуі керек. Бейрутке? О! Қандай қырсық шалды десеңші! Байғұс Әшірім де жоқ мұнда көмектесетін. Қайғыңызға ортақпын. Бір жыл болды кеткеніне. Қазір ата-бабаларының қасында жатыр. (мысқылдап) Римдіктердің арқасында! Қайта бұған төтеп бердіңіз ғой. (ашынып) Қайтемін енді? Амал қанша. Төтеп бермегенде. Бірақ Құдай қайда? Бізді тастап кеткен бе? Былай кеттік, Нұх. Тез жүр. Мұндай жағдайларда, адам, Құдай мені ұмытып кетті деп ойлауға бейім. Бірақ Құдай біздің қамымызды ойлайды әсіресе қиын уақытта да. Құдай бізді сүйеді және бұған қуанғанымызды қалайды. Ол бізді Өзінің отбасына мүшесі болуға шақырады. Әуел бастағы Едем бағын есімізге түсірейікші. Құдай адамды Өзіне ұқсас етіп жаратты. Құдай, Адам ата және оның әйелі ғажап бақта... бірге жүретін. Бірақ олар бүлік шығарып, Құдайдан ажыратылды. Кінәлы сезінгендіктен олар қашып... ұялып, қорқатын болды. Олар бүлікші болса да, Құдай оларды іздеді. Иса да солай... бізді іздеп келді. Демек осы әлемге келіп арамызда тұрды. Бізді күнә мен ұяттан тазарту үшін жанын қиды. Оның сүйіспеншілігі мен... құрбандығы арқылы біз Құдайдың отбасына қайта шақырылдық. Біз күнәларымызды мойындап, Исаның құрбандығын қабылдағанда, Киелі Әкемізге қайта келе алатын боламыз. Біз оның ұлдары мен қыздары боламыз. Сонда мен Құдайдың қызы бола аламын ба? Иә. Оның отбасының мүшесі боласыз. Құдайдың отбасында болу үшін адам мінсіз болу керек қой? Мен Иса сияқты емеспін. Мінсіз емеспін. Мен де мінсіз емеспін. Кейде біз мінсіз болып көрінгіміз келеді, бірақ... Мен жас емеспін, Ешқайсымыз да анау айтқандай жақсы емеспіз. Мына жүн сияқты ма? Сара, не көріп тұрсың? Өңделмеген лас жүн... тікен мен тас араласқан. Ммм. Расында да лас... Бірақ менікі одан да ластау. Қойларым мені ызаландыру үшін көбірек ластанады. (күліп) Ха, ха, ха, ха, Ой, апай, ха, ха! Олар менің күйеуі жоқ кәрі... әйел екенімді біледі. Ха, ха, ха, ха, ха, ха, жоқ мүлдем олай емес... жоқ, апай! Бірақ Сара, бұл жүн кейін не болады? Одан не жасамақшысың? Әйүп екеуімізге кілемше жасап, Антақиядағы жаңа үйімізге апарғым келеді. Әдемі қылып жасайсың ба? Иә. Әрине. Жаңғақтан жасалған арнайы бояуым бар. Қара, бұл жүн қазір қандай лас. Бірақ сен оның кейін қандай болатынын білесің. Оны жуасың, тарайсың, иіресің және одан кілемше тоқисың. Иә. Құдаймен де солай. Ол сенің қазір қандай екеніңді біледі. Дегенмен Ол сенің өмірінде Өз жұмысын аяқтағанда, сенің қандай болатыныңды да біледі. Яғни Құдай менің осы жүндей лас екенімді біледі, сондай-ақ менің көкте қандай болатынымды да біледі, дегенің бе? Иә. Сен Исаның соңынан ере бастаған сәтте, Құдай өміріңде осы игі жұмысын бастады. Сен Оның отбасының мүшесі болғандықтан, Ол осы жұмысты соңына дейін жеткізеді. Кейде біз өзімізді таралған жүндей сезінеміз. Өмір бізді тартқанда қиналамыз. Кейде үзіліп кете жаздаймыз. Иә, апай. Кейде қатты қиналамыз. Иә. бояумен қосып қайнатылған жүндей боламыз. Неткен ұзақ жұмыс десеңші! Дәл қазір, біздің Римде, түрмеде отырған бауырласымыз Пауыл, елші хаттарының бірінде бізді Құдайдың ерекше жаратылысы деп атаған. Құдай бізді Иса Мәсіхпен байланыста болып, біз үшін алдын ала жоспарланған істерді бітірсін деп жаратты. Біз Құдайдың жаратылысымыз ба? Мм, иә. Мынаған қарашы. Мұны кім жасады? Мен. Оны жасауға көп уақыт кетті ме? Иә, талай уақыт кетті. Саған қызық болды ма? Иә, қызық болды. Әлі де оған сүйсіне қараймын. Әдемі нәрселерді жасау - ұзақ уақыт еңбектенуді талап етеді. Біздің өмірдегі жолымыз да ұзақ. (көңілсіз) Ұзақ. Өмірдің ортасы ұзақ, бірақ соңы қысқа; түтін будағы сияқты... бір сәтте ғайып болады. (жылағысы келіп) Менің байғұс Әшірім. (жаны ашып) О, апай. Егер сіз Исаға сенім артып, Құдайдың отбасына қосылсаңыз, Құдай Әкеге әрбір қайғыңыз бен, әр қуанышыңыз жайлы айта алатын боласыз. Петір елшіміз бізге барлық уайымдарымызды Құдайға сеніп тапсыру керектігін айтады, өйткені Құдай біздің қамымызды ойлайды. Мұны қалай істейміз? Онымен сөйлесеміз бе? Иә. Сен оған бәрін айта аласың. Құдай бізге соншалықты жақын ба? Исаға сенім артқан көптеген адамдарға Ол жақын болды. Ол сізге де жақын болғысы келеді. Сіз Оған мінажат етіп, Өзіңді маған танытшы деп өтініңіз. Алдымен Одан сұраңыз. Айтқаның жайлы... ойланатын боламын. Ал қазір мен лас қойларыма қайтуым керек. Сен айтқандай сиынамын. Әке. Иә. Мәриям. Мынаны римдіктер әкелді. Екі-үш күннен кейін Бейрутке кетуім керек. Бейрутке? Оларға қаланы қайта тұрғызу үшін тас қашаушылар керек екен. (ашуланып) Анабіреу Ағриппа! Өзін патшамын дейді, ал негізінде римдіктердің қуыршағы! Бейруттегі жағдайдың бізге қатысы қандай! Бармай-ақ қойыңызшы, әке! Сол сатқынға көмектесіп қайтесіз? (қатал) Дәуіт. Ініңнің көзінше олай сөйлемесеңші. Оның шындықты білгенін қаламайсыз ба? Ұлым, енді мен не істеймін? Римдіктер үйімізге келіп, бәрімізді қырып кетсін дейсің бе? Аузыңа ие бол! Нұхты ойла! Әпкелеріңді ойла! Анаңды ойла! Әке, бармаңызшы. Мәриям да біледі. Тіпті Нұх та біледі. Бұл Құдайдың еркі емес екені анық. Сол құдайсыздарға бағынбаңызшы. Олар Құдайдың ғибадатханасын қорлап жүргенін білесіз ғой! Сіз қазір оларға көмектессеңіз, бұл тоқтамайды ғой! Дәуіт. Сен білесің, мен баруым керек. Құдай да оны біледі. Ұлым... Мен бармай қойсам, не болатынын білесің бе? Осы кейіпкерлердің қайсысы сізге немесе сіз сүйген біреуге ұқсас келеді? Сіз өміріңізде бір қиын жағдайға түсіп, Құдай сізден алыс болғандай сезіндіңіз бе? Исаның қайықта не істегені туралы әңгіме сізге қиыншылықтар жайлы не үйретеді? Сараның кілемшесі жайлы мысал Құдайдың біздің өміріміздегі еңбегі жайлы не білдіреді? "Құдайдың қызы болу" деген сөздің мағынасы қандай?
JesusFilm