Отбасы·21/42

Жатку Лейба нобайы
БөлімЖатку Лейба
La Busqueda - Іздеу нобайы
БөлімLa Busqueda - Іздеу

Күнделікті нан

Мәриям Дәуітпен бірге далада тамақтанады. Ол қайтып келе жатқанда, далада өгіздермен күресіп жатқан Якуб есімді жас жігітті көреді. Бірақ үйде Мұса оған немере ағасы үйленуге ұсыныс жасағанын айтады. Ол оған Энокпен некеге тұру жұмыс істемейтінін айтуға тырысады. Бірақ ол түсінбейді. Мұса себебін сұрағанда, ол Энок Исаның соңынан ермейді деп жауап береді. Мұса ренжіп, Исаның соңынан еремін демейтінін айтады. Ол да одан бас тарта ма? Ләйлә Мәриямға Сөз олардың үміті мен нәрі екенін айтады. Мәриям қалай иманды өмір сүремін деп ойлайды. Бірақ Ләйлә мұны да Құдай береді дейді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
2 Timothy 3:16

All Scripture is God-breathed and is useful for instruction, for conviction, for correction, and for training in righteousness,

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Ривка Күнделікті нан. Әкем ертең кетеді. (ренжіп) Білемін. (мысқылдап) Рақмет. Жүріңдер. Ей! Тоқта! Аа! Қане кеттік, жүріңдер. Мәриям қайда? Ол келе жатыр. Ааа, келдің бе, Мәриям. Малымыз қалай бүгін? Дәуіт бәрі жақсы дейді. Жақсы, жақсы. Мәриям, мен кеткенде әпкең мен анаңа көбірек көмектесуің керек, жұмысың көбейеді. Білемін, әке. Керек нәрсенің барлығын істеуге дайынмын. Әрі, бой жетіп қалдың. Бұл үйде өмір бойы тұра алмайсың, мұны өзің білесің. Мен кетуге асықпаймын, әке. Иә. Менің нағашым, Жүніс кеше келіп менімен сөйлескен еді. Не жайлы, әке? Сен және оның ұлы Енох жайлы. Екеулерің үйленсеңдер дейді. Үйленсеңдер дейді? Сіз оған не дедіңіз? Олардың отбасы жақсы, ал ұлдары Енох жауапты әрі сенімді жігіт. Мен онымен қалай тұрмыс құрамын, әке? Бұл не дегенің, қызым? Ол мені жақсы көрмейді ғой. Тіпті біздің... ойымыз да өзгеше. Қалайша өзгеше? Менен жасырып жүрген бірдеңең бар ма? Ол бала сені ренжітіп қойды ма? Жоқ, әке, әрине жоқ. Ондай ештеңе болған жоқ. Жақсы. Олай болса, мен таңертең бұл істі реттеп кетейін. О, анашым, мен Енохқа тұрмысқа шыға алмаймын. Бұным дұрыс болмайды. Несі дұрыс болмайды? Басынан бастап бәрі дұп-дұрыс болып тұр ғой. менің немере ағам Жүністің отбасы жақсы, және менің ару қызым Мәриям. Несі дұрыс емес? Бірақ ол Исаның жолымен жүрмейді, әке. Не деп тұрсың өзің? Сол Назареттікке мен де сенбеймін! Сенің әкең болсам да, менен де бас тартасың ба? Анабіреу досыңмен бірге мына қызға қандай-қандай ойлар айтып жүрсіңдер? Мәриям, әпкеңе бара ғой. Мына қызың Енох Исаға сенбейді деп онымен тұрмыс құрғысы келмейді ғой! Мәриямға жақсылық тілейтініңді білемін, Мұса. Бірақ оған осы іс жайында таңдау бермейсің бе? Таңдау дейді? Енох жақсы таңдау ғой. Сыйлы, жас жігіт, ал әкесі... туысым, немере ағам? Өзі бірінші келді. Қызымызды ұнатып тұр. Сондықтан басқаларға қарағанда, Жүніспен келісу саған жеңілдеу болғаны ма? Иә, жеңілдеу. Өмірімде бір жеңілдік бола алмайды ма? Сен үшін оңай, Мұса, ал Мәриям үшін ше? Ол өмір бойы сол жігітпен тұрады ғой. Өмір бойы жалғыз жүргені артық па, сонда? Сен ертең кетіп қаласың. Ол әлі жас. Бұл істі қайтып келгеннен кейін реттесеңші. Қайтып келмеуім мүмкін ғой. Нағұм есіңде ме... Ондай сұмдықты айтпашы. Мен асыраушымын және отағасымын. Мұндайды ойлауға тиістімін. Әйүп пен Дәуіт осында болады. Дәуітті ертең ұстап алуы мүмкін. Ол істі мен реттеймін. Қалай? Түріңе қарасаңшы. Ауырып әрең жүрсің ғой. Жағдайыңды білемін. Құдайға сенуіміз керек. Ол бәрін береді. Бергені осы ма? Ол әрқашан қамымызды ойлайды. Қара, Ол маған мына қолды берді. Енді мен мұнда бола алмаймын. Мәриямның көңіліне қарасаңшы, Мұса. Бұл істі қоя тұршы. Құдайдың бұйырғаны болар. Немере ағам Жүніске не деймін енді? Бірдеңе ойластырарсың. (сыбырлап) Ол не деді? (ақырын дауыспен) Алаңсыз бол. (ақырын дауыспен) Ол кетпестен бұрын бірдеңе істейді деп ойламаймын. Мен күйеуіммен алысқан екі бұқадай болғым келмейді. Ол не дегенің? Бүгін таңертең мен Жақыптың бұқалармен алысқанын көрдім. Бұқалар бірге жегілсе де, екі жаққа тарта берді. Сөйтіп орнынан жылжымады. Енох екеулерің дәл солай боласыңдар ма? Әрине. Мен Исаға сеніп, ол сенбейтін болса. Өте дұрыс айттың, Мәриям. Сонымен, әпкең қалай? Шаршап, ауырып жүрсе де, үмітін үзбеді. A-а. Жақсы. Жүрегі айныса, онда баласы аман деген сөз. Әкемді сағынамын. Иә. Әкеміз жақсы адам. Бірақ Исаның жолымен жүрмейді. Барлығы өз уақытында болар, жаным. Кейде өзімді түсінбеймін. Енохқа тұрмысқа шықпаймын деп, әкемді ренжітіп қойдым. Мұным дұрыс деп үміттенемін. Ал дұрыс болмаса ше? Біз қателескен болсақ ше? Исаның жолы дұрыс екенін қайдан білемін? Оның сөзінің шындық екенін қайдан білемін? О, өйткені олар бірнеше мың жыл бұрын айтылған болатын. Әлемді жаратқаннан кейін Адам ата мен Хауа ана Оның алдында күнә жасады. Құдай сонда әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжитынын айтты. Демек бір күні... әйелдің ұрпағы күнә мен шайтанның күшін жоймақшы болған. Иса келмей тұрып, Құдай бірнеше жүз жыл бойы пайғамбарлар арқылы сөйлеген. Ишая пайғамбар Мәсіхтің пәк қыздан туылатынын жариялаған болатын. Миха пайғамбар Мәсіхтің Бетлехемде туылатынын алдын ала айтты. Бетлехем "Нан үйі" дегенді білдіреді. Иса біздің үмітіміз және жігеріміз. Сондай-ақ, Ишая пайғамбар Мәсіхтің қорланатынын, біз үшін азап шегіп, жанын қиятынын жариялады. Ол біз тартуға тиісті қасірет пен азапты Өзіне алып, барлығын Өз мойнымен көтерді. Ол біздің күнәларымыз үшін жараланды. Біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Бірақ Оның жараларының арқасында біз сауықтық және Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Иса біз үшін масқараланды. Құдайдың Хауа анаға қатысты берген уәдесіне сай, Иса қайта тірілгенде... шайтан мен өлімнің күшін жойды. Демек Иса арамызда өмір сүріп, өліп қайта тірілгенде пайғамбарлық сөздердің бәрін орындады. О, Мәриям, біз Киелі жазбаға сене аламыз, өйткені... Оның шындығы дәленденген. Ол - Құдайдың сөзі. Оны жазғызған да, қорғайтын да... құдіреті шексіз Құдай. Ол Киелі жазбаны... таза ұстағысы келеді. Құдай сөзі рухани нанымыз. Оның басқа да ізгі қасиеттері бар. Елші Пауыл жазғандай: "Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының... жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді". Сіз Иса мен Киелі жазбалар жайлы осылай айтқанда, сенімім нығаяды. Бірақ осы сенімді жүрегімде қалай үнемі сақтай аламын? Осыған нық сеніп қалай өмір сүремін? Өмір бойы үйренесің, Мәриям. Біз Құдай сөзіне сеніп, мойынсұнған кезде сеніміміз де өседі. Оған өзіңді күнделікті аманаттаған сайын Ол саған қажетті сенім мен даналықты беріп тұрады. Дәуіт, бәрі жақсы ма? Қалай жақсы болады, егер әкем Ағриппаға сарай салу үшін бізді тастап бара жатса? Дәуіт! Менің баруым керектігін сен білесің. Ал сен өзіңнің анаңа қамқорлық жаусуың керек... әпкелеріңе... және ініңе қарауың керек. Маған уәде берші, ұлым. Шамам келгенше қараймын. (сыбырлап) Ал, саған сендім. Сау болыңыз, әке. Құдай жар болсын саған. Осы әңгімедегі сияқты жағдайға түссеңіз, сіз қалай әрекет етер едіңіз? Мәриям әкесімен маңызды жағдайлар жайлы келіспеген болса да, оған қалай құрмет көрсетеді? Мәриям күмәнданған кезде анасы оған қалай көмектесті? Біз шындықты қалай анықтай аламыз? Сіз бұл көріністен күмән мен сенім туралы не үйрендіңіз?
JesusFilm