Қарым-қатынастар·23/37

La Busqueda - Іздеу нобайы
БөлімLa Busqueda - Іздеу

Отбасында

Ривка - саяси және жеке жанжалмен айналысатын отбасының досы және тәлімгері. Мариям есімді жас қыз бен оның ағасы Нұх көмек сұрап Ривканың үйіне жүгіреді. Мариямның анасы Ләйлә ауырып жатыр. Ривка Құдайға Исаның атынан Ләйләның сауығып кетуін сұрайды. Ривка Мариямға Құдай адамдарды Исаның өлімімен және қайта тірілуімен тазартады деп сендіреді. Исаны қабылдаған кез келген адам Құдаймен тату болады. Мариямның әкесі Мұса Ләйләны тексеруге келеді. Ол Ривканы көргенде көңілі түсіп, Мариямға Ривка бару керектігін айтады. Мәриям өзімшіл адамды Құдай қабылдай ала ма деп ойлайды. Ривка оған адасқан ұлдың тарихын айтып береді. Ривка Құдай кез келген жоғалған адамды дәл солай қабылдайды дейді. Ривка Мәриямды қиын уақытта үміт бар деп сендіруге тырысады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Ривка Отбасы Қала таңертең әдетте тыныш болады. Саудагерлер бұйымдарын әлі жаймаған. Римдіктер әлі көшемен адымдап жүрген жоқ. Дегенмен таңғы салқын кетіп, күн ысығанда, тыныштықтың орнын шу мен бейнет басады. Жаңа күннің не әкелетінін ешқашан білмейсің. Нұх! Кетіңдер жолдан! Ей, былай тұр! Біз неге тығыламыз? Тыныш! Нұх, тездет, Анаңның досына баруымыз керек! Ары тұр. Ары тұр! Бара ғой. Мәриям! Не болып қалды? Анамның қалы нашар. Не болды, қызым? Ол қан құсып жатыр. Нұх! Айтшы, қанша болды қан құсып жатқанына? Дәл бүгін басталды. Сараның айтуынша, оның денесі тым ыстық. Келгеніңізге рақмет, апай. Анаңның қалы қалай? Нашар. Сізді сұрады. Сол кезде Мәриямды жібердім, бірақ енді оята алмай тұрмын. Сен енді бара ғой, Нұх. Не істерімді білмедім. Мені шақыртқаның дұрыс болды. Енді қызуы басылуы керек. Денесі тым ыстық. Бізге су, сүлгілер мен ыдыс керек, Мәриям. Әкеп бере қойшы. Дәуіт? Не істеп жатырсың? (ашуланып) Ештеңе. Кетуім керек. Мына шүберек қан ғой! (ашуланып) Енді қайтейін? (ашуланып) Дәуіт? Дәуіт?! Енді қызуы басылу керек. Ол үшін мінажат етейік, Мәриям. Құдай Әкеміз, Мәриям екеуіміздің, Исаның атымен Сенің алдыңа келе алатынымыз үшін алғыс айтамыз Саған. Саған жалбарынғанда бізге құлақ асатының үшін рақмет. Қымбатты... Ләйләні Сенің алдыңа алып келеміз. Сенен өтінеміз, оны науқасы мен... азабынан босатшы. Денсаулығын қалпына келтіре гөр. Оны бізден де ерекше сүйетінің үшін Саған алғыс айтамыз. және Исаның атымен оны Саған аманаттаймыз. Аумин. Анам үшін мінажат етуге тырысқанда, Құдай маған құлақ аспайтындай сезіледі. Неліктен? Білмеймін. Мен ұяламын. Құдайдан бірдеңе сұрайтындай мен кіммін? Бірақ, Мәриям Иса сенің барлық ұятыңды айқыш ағашта Өз мойнына алған сөйтіп Оның атымен сиынып, Құдайдың алдына келуге саған жол ашып берді. Бірақ мен сіз немесе Анам сияқты жақсы емеспін. Ешкім Құдайдың алдына келе алатындай жақсы емес. Алайда Ол Исаның құрбандығы арқылы бізге жол ашып берді. Мына ыдыстағы суға қарашы. Қанның не басқа кір нәрсенің бір тамшысы бүкіл суды ластайды. Күнә да солай, қарағым, үлкен, не кіші болсын, ол бізді ластайды. Құдіретті Құдай таза әрі киелі. Ол ешқандай күнәға төзе алмайды. Осы сайсағыз суды тазартқандай, Құдай да, Исаның өлімі мен тірілуі арқылы бізді тазартады. Иса таза әрі күнәсыз болса да... біздің күнәларымыздың жазасын Өз мойнына алды. Ол бізді тазарту үшін Өз жанын қиды. Иса өліп, қайта тірілуі арқылы бізді билеген күнә мен өлімнің құрсауын бұзып, ұяттан азат етті. Осылайша Құдай бізді Өзімен татуластырды. Енді біз уәделі Иса Мәсіхке және Оның құрбандығына сенген кезде осы достықты да қабылдаймыз. Сен солай істедің, Мәриям Ол сені естиді, Ол сені жақсы көреді. Мәриям, анаңның қалы қалай? А-а, Ривка, Бәрі жақсы ма? Иә, Мұса. Өз қалыңыз да жақсы... болар. Анамыздың қызуы басылды, әке. Ривка апайдың көмегімен. Бұл әйел үйімізде не істеп жүр? Өзінен де, күйеуінен де аулақ болайық деп саған айтқан жоқпын ба? Бірақ, Әке ол анамыздың досы ғой. Ол жақсы әрі ақылды, әйел. (сыбырлап) Бірақ ол біз сияқты емес қой. Оның күйеуі салық жинайды! Римдіктерге! Ал өзі Назареттік Исаның жолын қуушы. Анамның өзі оны шақыртты, әке. Жарайды. (қобалжып) Не болып қалды? Өткен түнде екі жасақшымызға шабуыл жасалды. Үйіңіздегі біреудің осыған қатысы бар деп ойлаймыз. Менің үйімнен? Мүмкін емес. Біз жақсы адамдармыз. Заңға бағынамыз. Қылмыскерді жасырып жүрсіңдер. Жолдан былай тұр. Мұнда қылмыскерлер жоқ. Үйді тінтіңдер. Босқа уақыттарыңды ысырап қыласыңдар.Үйде әйелдер ғана бар. Мен түні бойы үйде болдым, ал ұлым мен күйеу балам Ішін тексеріңдер. өрісте қойлардың қасында болды. Жоқ, жоқ! Әйелім қатты ауырып жатыр. Кеттік. Кейін тағы келеміз. (жылап) О, ұлым-ай. Тағы не бүлдірді ол? Бәрі дұрыс, анашым. Олар кетіп қалды. (әлсіреген дауыспен) Ол үшін... мінажат етемін. Мен де уайымдаймын. Бетімен кеткен бір қырсық. Анамыз қатты ауырып жатыр, сондықтан отбасының қамын ойлап, көмектесуі керек қой. Ал ол болса, басымызға бәле әкеледі. Өзін ғана ойлайды. Ешқандай жауапкершілігі жоқ жеңілтек біреуді Құдай қалай жақсы көре алады? Иса кезінде қара басын ғана ойлаған бір өзімшіл жас жігіт туралы астарлы әңгіме айтып берген еді. Сол ұл тиісті еншісін ертерек алғысы келіпті. Әкесі мұны қаламаса да, ұлының сұрағанын беріпті. Содан соң ұл бақыт іздеп, алыс бір елге кетеді Көп ұзамай, жас жігіт азғындық жолға түсіп, еншісін шашып, ысырап қылады. Көк тиыны да қалмай, достары да тастап кетеді әрі аштық көреді. Сосын не істеді? (ақырын дауыспен) Әкесін есіне алады. Әкесінің оған қаншалықты жомарт болғанын және үйіндегі қызметкерлердің қарны тоқ, әрі қамсыз жүргенін есіне түсіреді. Ол үйіне қайтып, әкесіне былай демек болады: Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Ұлыңызбын деп аталуға лайықты емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен. Алайда, ұлын алыстан көрген әкесі оның алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап, бетінен сүйеді. Қызметшілеріне былай дейді: "Тездетіңдер! Оған ең жақсы шапанды жабыңдар. Қолына мөрлі жүзік тағып, аяғына кебіс кигізіңдер. Сосын... бордақыланған өгізді сойыңдар. Үлкен той жасайық. Өйткені менің ұлым өлген еді, енді тірілді; жоғалған еді, міне, табылды. Әкесі оны қабылдады ма? Иә! Ол ұлының аман оралғанын күтіп жүрген. Сонда Құдай Дәуітті де күтіп жүр дегің келе ме? Иә, шырағым. Тіпті онымен кездесуге асығады. Сондай сұмдық нәрсені жасаған ұлды әкесі мұндай қошеметпен қарсы алмайтын шығар. Ұлы өте ұят іс жасады, бірақ әкесі оны кешірді. Меніңше, үйіне қайтып, әкесінің жүзіне қарау үшін оған үлкен батылдық керек болған шығар. Мен енді үйіме баруым керек, әйтпесе күйеуім іздеп келер. Күні бойы жүгіріп шаршадың. Бұл өзің үшін де, отбасың үшін де қиын уақыт. Бірақ менің түсінгенім, қандай қиын уақыт болса да біз Құдайдың алдына келіп, Оның сөзінен үміт ала аламыз. Мәриям? Мыналар саған. Бұл үмітті, Ишая пайғамбар "Құдай келгенде... тіпті ен дала да қуанып шаттанады" деп, суреттеп берген. Анаңа қайта көмегім қажет болса, мені сөзсіз шақыр. Жарайды. Рақмет. Барлығы үшін. Cіз өзіңізді осы кейіпкерлердің қайсысына ұқсатасыз және неліктен? Адам неліктен Құдайдың оның мінажатын еститініне күдіктенеді? Мәриям Ривка мен Ләйләні жақсы адамдар деп санайды. Ал сіздіңше, жақсы адам қандай болады? Құдай бізді қабылдауы үшін және Оның бізді еститінін білуіміз үшін не істеуіміз керек? Адасқан ұл туралы астарлы әңгіме Құдайдың бізге деген ниеті жайлы не үйретеді?
JesusFilm