Қысқаметражды фильм
Киелі кітапқа сенуге бола ма?
3 минFHD
3/83/8 клипСіз бір кездері қызықсыз ба...? · 8 бөлім
Киелі кітапқа сенуге бола ма?
Неліктен Исаның ізбасарлары Киелі кітаптың бүгінгі күні бастапқы жазылған кездегідей деп сенетінін ойлап көрдіңіз бе? Археологиялық деректер бүгінгі Киелі кітаптың мыңдаған жылдар бұрын жазылған бірдей Жазбалардан тұратынын растайды.
СұрақтарҚатысты сұрақтар
Өз сұрағыңызды қойыңызІнжіл дәйексөздері
Бөлісу2 Timothy 3:16
All Scripture is God-breathed and is useful for instruction, for conviction, for correction, and for training in righteousness,
Berean Standard Bible
Public Domain
Толығырақ...Транскрипт
Kazakh (Қазақ тілі)
Сіз неліктен Исаның соңынан ерушілер
қазіргі Киелі кітап бастапқыда жазылған Киелі кітап деп сенетіні туралы ойланып көрдіңіз бе?
Киелі кітап 1500 жыл бойына созылған Құдайдың Киелі кітабы.
Ол расында бізге Құдай және Оның барлық адамдарға арналған адамгершілік стандарты жайында үйрететін кітаптардың жиынтығы.
Ол Таурат, Забур жырлары, Інжіл және Исаның шәкірттеріне арналған хаттарды қамтиды.
Ол бізге Құдайдың жаратылысының бір бөлігі туралы, яғни біз туралы хабарлайды.
Кейбір адамдар Киелі кітап аудармаларының көп болғандығына қарап,
оны жылдар бойына өзгеріске ұшыраған деп санайды.
Киелі кітап бастапқыда үш тілде жазылған және содан кейін әр адамның
Құдай Сөзін өз ана тілінде оқи алулары үшін бірнеше рет аударылған.
Кей тілдердің тіпті бірнеше аудармалары бар, алайда олар сол бір хабарды баяндайды.
Киелі кітаптың әр көшірмесі бастапқы мәтіннің аудармалары болып келеді әрі олармен тексеріле алады.
Көптеген археологиялық дәлелдер заманауи аудармаларды растайды.
Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы 3-ші ғасыр мен біздің заманымыздың 1-ші ғасыр аралығында жазылған
981 ежелгі Киелі кітап қолжазбалары 20-шы ғасырдың ортасында Өлі Теңіз жанынан табылды.
Осы қолжазбалардың бірі - Ұлы Ишая шиыршық қағазы.
Ол Иса Мәсіхтің өмірі мен өлімін алдын ала айтып кеткен
Ишая кітабының барлық 66 тарауын қамтиды.
Ұлы Ишая шиыршық қағазы заманауи Киелі кітаптағы Ишая кітабымен дәлме-дәл.
Киелі кітаптың Иса туралы айтатын бөлігі Оның өмір сүріп жатқан кезінде
1-ші ғасырда оның шәкірттері арқылы жинақталған.
Олар өз жазбаларын көптеген басқа аймақтарға жіберді, басқа шәкірттері жазылғандардың шындық екендігін растап,
олардың көшірмелерін жасап, оларды Исаның басқа да көптеген шәкірттеріне жолдады.
Иса туралы жазылған 25000-нан астам ежелгі Киелі кітап қолжазбасының көшірмелері табылды.
Олардың барлығы бір-біріне сәйкес, әрі заманауи Киелі кітапқа ұқсайды.
Британ кітапханасында грек тілінде жазылған толық Киелі кітап бар.
Бұл Киелі кітап, Синай Кодексі, біздің заманымыздың 350-ші жылы жазылған деп қарастырылады, әрі нақты заманауи Киелі кітапқа сай келеді.
Киелі кітап кез келген басқа ежелгі мәтіндердің арасындағы ең көп көшірмесі табылған кітап.
Мұндағы барлық дәлелдемелер, қазіргі Киелі кітаптың мыңдаған жылдар бұрын жазылған
сол жазбаларға ұқсайтынын дәлелдейді.