Сіз бір кездері қызықсыз ба...?·2/8

Қалпына келтірілді

Біз Құдайдың отбасының бір бөлігі болып, абыроймен және мақсатпен өмір сүруге тиіспіз. Бірақ бүлік адамзатты азаптайды және бізді Құдайдан ажыратады. Бұл фильм бізді қалай құрметпен қалпына келтіруге және Жаратушымен қарым-қатынасқа қайта оралуға болатынын зерттейді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
2 Corinthians 5:21

God made Him who knew no sin to be sinon our behalf, so that in Him we might become the righteousness of God.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Ephesians 2:19

Therefore you are no longer strangers and foreigners, but fellow citizens with the saints and members of God’s household,

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
1 John 3:1

Behold what manner of love the Father has given to us, that we should be called children of God. And that is what we are! The reason the world does not know us is that it did not know Him.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты. Осы арқылы Өзінің мінсіз даналығын, күші мен құдіретін көрсетті. Құдай еркек пен әйелді рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратты, сөйтіп Тәңірді танып-білуде оларды ұлылық пен мақсатқа бөлеп, Өз атымен жер жүзін басқаруды берді. Құдай мен адам арасындағы мінсіз қарым-қатынас. Алайда олар бәрібір Жаратушыға қарсы шығып, Құдай сияқты бола алатындарына сеніп, өздері ұлылықтың қайнар көзі болуды қалады. Олар күнәға батты. Күнә оларды ластады, осылайша Жаратушы мен адамның қарым-қатынасын бұзды. Барлық адам осы ажырауды мұра етеді. Біз осы бос қалған орынды сезінеміз және соның орнын толтыруға тырысамыз. Бабыл қаласында олар Құдайға ұқсау үшін мұнара тұрғызды. Дәл солар сияқты, біз де өз ұлылығымыз бен мақсатымыздың қайнар көзін жасауға бейімбіз. Алайда адамның ұмтылысы сәтсіздікке ұшырап, апатпен аяқталады. Күнә адамзатты зақымдайды, отбасымызда бөлінуді тудырып, Құдайдан аластатады. Бірақ Құдайдың бізге деген мейірімі мен сүйіспеншілігі мол болып, адамзатты құтқару жоспары болды. Адамзат пен Жаратушының арасындағы қарым-қатынасты қайта орнату үшін Құдай уәде етілген Құтқарушы Исаны жіберді. Иса керемет істер жасады, Ұстаз ретінде тәлім берді, әрі күнәкарлармен бірге дастархандас болды. Ол Құдайдың отбасындағы үлкен той туралы, әрбір адам осы тойдың құрметті қонағы бола алатынын айтты. Ауру-сырқаулар мен күнәкарлар Оған келіп жатты, олар Исаны қорлаудың орнына, ауруларынан сауығып, қайта жаңарып отырды. Алайда, адамдар тағы да бас көтерді. Осының орын алуына Иса жол берді. Адамдар тарапынан келген бүкіл қорлау мен ұяттан зардап шекті. Оның өліміне дейін қас-қағым сәтте, Иса таңғажайып жолмен біздің барлық қорлығымыз бен ұятымызды Өз мойнына алды... Құдайдың қаһары мен адамның Құдайдан ажырауынан зардап шекті. Себебі Исаның құрбандығынсыз, адамдар өздерінің игі-істері арқылы немесе діни дәстүрлерін ұстанулары арқылы ешқашан да құтқарыла алмас еді әрі Құдаймен қарым-қатынасты қайта жалғастыра алмаушы еді. Сонда Құдай Исаны өлімнен қайта тірілтті! Ол адамзаттың бүкіл күнәсы мен қасіретін жеңіп шықты. Ол шынайы ұлылықтың Құдайдан келетінін әрі жер бетінде еш нәрсе де оны жоя алмайтынын көрсетті. Ол бізді Құдаймен қайта қалыптасқан қарым-қатынасқа шақырып, шынайы құрметтің қайнар көзінен абырой мен мақсатты алып, көкке көтеріліп кетті Сен Оның шақыруын қабыл аласың ба? Егер сен Құдаймен қарым-қатынасыңды қайта жалғастырғың келсе, сеніммен мінажат ете аласың.
JesusFilm