Қысқаметражды фильм
Бір Құдай бар ма, әлде үш па?
3 минFHD
Сіз бір кездері қызықсыз ба...?·8/88/8 клип
Бір Құдай бар ма, әлде үш па?
Көрнекі бейнелер мен сипаттамалар мен Киелі кітаптағы аяттардың көмегімен Құдайдың бір және үшеу екендігі туралы көбірек түсінуге болады ... Киелі Үшбірлік.
СұрақтарҚатысты сұрақтар
Өз сұрағыңызды қойыңызІнжіл дәйексөздері
Бөлісу2 Corinthians 13:14
The grace of the Lord Jesus Christ, and the love of God, and the fellowship of the Holy Spirit be with all of you.
Berean Standard Bible
Public Domain
Толығырақ...Транскрипт
Kazakh (Қазақ тілі)
Мәсіхшілер бір Құдайға сене ме әлде үш Құдайға сене ме екендігі туралы бұрын-соңды ойланып көрдіңіз бе? Келіңіз, осыны талқылайық.
Құдай құдіретті. Оның күш-қуаты және тіпті Оның бүкіл болмысы адам түсінігінен жоғары.
Ол барлық нәрсенің жаратушысы, Ол қалаған нәрсесін жасай алады,
сөйтіп Ол Өзі туралы білімді және Өз болмысын адамдарға ашуды шешті
Киелі Жазба былай дейді: "Құдайымыз Жаратқан Ие - жалғыз Құдай!".
Оның киелі болмысы - бұл құпия, алайда біздің Оны түсіне алуымыз
үшін Киелі Жазба Ол туралы жеткілікті айтып береді.
Құдайдың болмысы туралы салыстырманы мынадай жолмен жасап көрейікші...
Жүзікті көз алдыңызға елестетіңізші.
Формасы біреу: басы не аяғы жоқ дөңгелек.
Ал енді осы жүзік үш рет өрілген жіптен тұратынын көз алдыңызға елестетіңізші.
Бұл әлі әле де сол бір жүзік, бірақ ол теңдей үш бөліктен тұрады;
үшеуі бір-бірімен байланысты.
Осы жүзік Құдайдың болмысы туралы көріністі бере алады.
Осы жүзіктің әрбір бөлігі Құдайдың көптеген болмысының тек бір бөлігін қана көрсете алады.
Құдайдың бізге ашып берген бірініші болмысы - бұл Құдіретті Әке:
Көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің барлығының Жаратушысы.
Әлемнің Жаратушысы. Ол Көктегі тағында отыр.
Екінші болмысы, Құдай Өзін тәнімен көрінген Сөз ретінде ашып береді - бұл Иса.
Осылайша Құдай Өз болмысын адам бейнесінде көрсетті, Иса "Құдайдың рухани Ұлы" атағын иемденді, әрі бұл Оның Құдаймен ерекше рухани бірлігін білдіреді.
Киелі кітап былай дейді: "Құдай бізге Өзінің рухани Ұлы арқылы сөйледі...
Құдайдың салтаныты және Оның болмысының дәл көрінісі".
Адамзатты күнәдан құтқару үшін және Өз еркін адамзатқа білдіру үшін Құдай Исаның бейнесінде жер бетіне келді.
Құдайдың үшінші болмысы Рух ретінде көрінеді. "Көмекші".
Киелі кітапта Иса былай дейді: "Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді.
Себебі Ол Өзінен шыққан сөзді емес, көктегі Әкемнен естігенін айтады және болашқта не болатынын сендерге хабарлайды".
Рух бізге Құдайды танып-білуге және түсінуге көмектеседі.
Киелі Жазбада Құдай бізге Жалғыз Құдіретті Құдай ретінде ашылады.
Әрі Оның болмысы Оның Үшбірлігінің болмысымен мінсіз үйлесімі Оның ұлылығының
байлығын түсінуге көмектеседі және Құдайдың болмысының адамның болмысынан
қаншалықты ерекшеленетінін көрсетеді.
Киелі Құдай Өз балалары ретінде бізге Өзін ашып бергісі
келеді және бізді Өзімен қарым-қатысқа шақырады.
Ол туралы көбірек білгің келе ме?