Сіз бір кездері қызықсыз ба...?·7/8

Иса өлгеннен қайта оралды ма?

Иса адамдарға өзінің өлетінін, содан кейін қайта тірілетінін айтты. Бұл қысқаметражды фильм Исаның өлімі мен қайта тірілуіне қатысты мәліметтерді түсіндіреді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
John 11:25

Jesus said to her, “I am the resurrection and the life. Whoever believes in Me will live, even though he dies.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Иса шынымен де өліп, өлімнен қайта тірілді ме деп бұрын-соңды ойланып көрдіңіз бе? Біз мұны қалайша біле аламыз? Иса адамдарды үш жыл бойына Құдай туралы ақиқатқа үйретті... сосын Ол Өзінің өлуі керектігі туралы шәкірттерін ескертті, бірақ өлімді жеңіп, қайта өмір сүретініне уәде берді. Бірақ олар Оның айтқанын аяғына дейін толық түсінбеді. Оның шәкірттерінің бірі, Яһуда, тіпті Оны сатып кетті. Сосын діни жетекшілер Оның адамдарға әсер етуінен қорқып, Исаға жалған жала жапты. Қалың тобыр олардың өтірігіне сеніп, Оның өлімін талап етті. Оның шәкірттері қашып кетіп, жасырынып жатты, ал енді беруі Оны танитынынан бас тартты. Қорқыныш пен өзін айыптау сезімінде жүрген Яһуда өз-өзіне қол жұмсады. Алайда, Құдайдың жоспары болды... әрі орын алған жайттардың барлығы бұдан жүздеген жылдар бұрын Құдайдың пайғамбарлары арқылы алдын-ала айтылған еді. Иса екі қарақшымен бірге өлім жазасының ең жаман түрімен - айқыш ағашта шегеленуі арқылы өлтірілді. Римдік сарбаздар Оның денесін найзаларымен түйреп, Оның өлгеніне көздерін жеткізді осыдан кейін Оның денесі қабірге қойылды да, Римдік сарбаздар оны күзетті. Үшінші күні, Исаның соңынан ерген әйелдер қабірге келгендерінде, періштелердің тасты алып тастағанын, күзетшілердің қорыққандарынан қашып кеткенін көрді. Әйелдер бос қабірді көрді, сонда періштелер оларға былай деді: "Тіріні өлілердің арасынан неге іздейсіңдер? Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті!" Олар қайта оралып, шәкірттеріне айтып берді, ал олар сенген жоқ... ... Иса олардың ортасына келіп, былай деді: "Сендерге амандық пен тыныштық болсын!" Ол 40 күн бойына шәкірттеріне көрініп жүрді. 500-ден аса адам Иса көкке көтеріліп кеткенге дейін Оны көрді, бір күні Ол қайта келеді. Бастапқыда қорқып қашып кеткен шәкірттері, енді бәрін түсініп, сенді. Олар басқаларға өз көргендері туралы куәлік берді, әрі соңында өздері үйреткен нәрселері үшін өлтірілді. Бірақ Исаның өлімі мен қайта тірілуі туралы хабар бүкіл жер бетіне тарап кетті. Сол куәліктердің арқасында Оның өлімі мен қайта тірілуі шындық екендігіне сенімді бола аламыз. Иса біздің күнәларымызды Өз мойнына алып, бізге кешірім беруі үшін өлді Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті, сөйтіп Исаның өлімнің үстінен билік жүргізе алатынын көрсетті! Ол бүгінгі күні де көкте тірі, әрі бір күні тірілер мен өлілерді соттау үшін, Оның сыйын қабыл алғандарды қабылдау үшін осы әлемге қайта келеді. Исаның өлімі мен өлімнен қайта тірілуі Сіз үшін қандай мағына береді?
JesusFilm