5/8Сіз бір кездері қызықсыз ба...? · 8 бөлім

Иса кім... Шынымен?

Иса кім? Ол не істеді және не үшін жасады? Иса арқылы Құдай бізге Құдаймен сүйіспеншілікке толы, қалпына келтірілген қарым-қатынасты сезіну жолын жасады. Иса ешбір адам өмір сүре алмайтын кемелді өмірде өмір сүрді және ол күнә мен өлімді жеңгенін көрсетіп, өліп, қайта тірілді. Ол біз үшін кемелді құрбандық болды.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
1 John 4:9

This is how God’s love was revealed among us: God sent His one and only Son into the world, so that we might live through Him.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Иса кім? Ол не істеді? және неліктен Ол бұлай жасады? Құдіретті Иса көкте билік етіп жатқанда, адам баласы жер бетінде күнәнің құлы болып жатты. Құдай адамзатты сүйеді, олардың күнәдан азат болғанын қалайды, сондықтан Мәсіх Иса Жер бетіне түсіп, Киелі Жазбаның сөздерін жүзеге асырып, адамзатты құтқаруға келді. Құдайдың Рухы керемет жолмен Мәриямды жарылқап, ер адаммен жақындаспай, пәк бола тұра, оның аяғы ауырлады. Тоғыз айдан кейін Иса қарапайым қамбада дүниеге келді. Иса адам, бірақ Ол сондай-ақ Құдай, Өзін Құдайдың рухани Ұлы деп атаған, ал ол Құдайдың адамға айналған лауазымын білдіреді. Исаның болмысы - біздің санамыз толықтай жете алмайтын сыр. Жер бетінде болғанда, Ол ұлы ғажаптарды істеді... Құдайды тыңдауды үйретті... әрі күнәсыз өмір сүрді - ол ешқандай адам баласы өмір сүре алмайтын шынайы өмірді көрсетті. Иса біз үшін пәк тарту ретінде Өзін құрбандыққа берді. Үш күннен кейін Иса өлімнен қайта тірілді. Осылай Ол Өзінің күнә мен өлімді жеңгендігін көрсетті. Адамның ешқашан өлмеуі үшін, Иса көкке көтерілді. Сондықтан ол Таураттағы барлық берілген Мәсіх деген лауазыммен мадақталады, сондай-ақ Құтқарушы, Құдай Ұлы, Иммануил және Құдайдың Тоқтысы деп те аталады. Иса пайғамбарлық сөздерді орындады, біздің жазамызды Өзіне алып, күнәдан құтқарды. Барлық адамды соттау үшін, бір күні Ол оралады. Алайда Оның өмірі, өлімі және тірілуі арқылы күнәдан мәңгі кешірім алуға мүмкіндік береді. Киелі кітапта біздің тәубе етуіміз керектігі туралы және күнәдан Құтқарушы Исаға сенуіміздің қажеттілігі, сонда Құдаймен тығыз қарым-қатынастың қайта қалпына келетіндігі туралы жазылады. Осы шақыруды қабылдағыңыз келеді ме?
JesusFilm