Ривка·11/12

Туылғандар

Айюб Мұсадан балаға батасын беруін сұрайды. Мусса қызды қуана ұстап, оған дүниенің қиын екенін айтады. Ол Құдай оған өмір әкелетін нәрселерді жеңуін, денсаулық, бақыт және ұзақ өмір сүруін сұрайды. Отбасы тойлап жатқанда, Дәуіт қайтып келеді және оның бөлісетін оқиғасы бар. Ол қамауға алынған кезде жауап алу кезінде үндемеуге тырысқан. Бірақ соңында ол оларға ақпарат берді. Ол енді оны өлтіретінін білді, өйткені оның ұсынатын ештеңесі жоқ. Бір күні түнде Иса түсінде оған келді. Оның шашыраңқы шапаны, оттай көздері, жарқыраған қоладай аяқтары бар еді. Дәуіт қорқып тізерлеп жығылып, сосын ғибадат етті. Дәуіт басқа тұтқындарға Жаратқан Иені көргенін айтады. Сарбаздар оны іздеп келгенде, оны өлімге апармады. Оның орнына ол босатылды. Оның айыппұлын Ривканың күйеуі төлеген. Мұса Дәуітті тоқтатуды талап етеді. Ол оған өмірін қиюы мүмкін басқа ақылсыз топқа түспеуді өтінеді. Бірақ Дәуіт пен бүкіл отбасы Мұсаға Исаны білудің қандай екенін айтады. Ізбасарлары ретінде олардың өмірі Исаның қолында. Өз тарихымызды басқалармен бөліскенде, біз дұға ететін, қорықпайтын және анық болуымыз керек. "Дұғаға көп уақыт бөліңіз. Әрқашан сергек болыңыз және шүкіршілік етіңіз. Біз үшін де дұға етіңіз. Құдай біздің хабарымызға есік ашсын деп дұға етіңіз. Сонда біз Мәсіхтің құпиясын уағыздай аламыз. Мен оны уағыздағандықтан, мені шынжырмен ұстап тұр. Мен оны анық уағыздаймын деп дұға етіңіз, мен қажет болғандай. Сырттан келген адамдарға әрекет етуде дана болыңыз. Әрқашан олардың сөздерін барынша пайдаланыңыз. Сонда сіз бәріне қалай жауап беру керектігін білесіз” (Қолостықтарға 4:2-6).

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
Matthew 16:24-26

Then Jesus told His disciples, “If anyone wants to come after Me, he must deny himself and take up his cross and follow Me. For whoever wants to save his life will lose it, but whoever loses his life for My sake will find it. What will it profit a man if he gains the whole world, yet forfeits his soul? Or what can a man give in exchange for his soul?

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Colossians 4:2-6

Devote yourselves to prayer, being watchful and thankful, as you pray also for us, that God may open to us a door for the word, so that we may proclaim the mystery of Christ, for which I am in chains. Pray that I may declare it clearly, as I should. Act wisely toward outsiders, redeeming the time. Let your speech always be gracious, seasoned with salt, so that you may know how to answer everyone.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Ривка Жаңадан туылған сәби. Сондай ұзаққа созылып кетті ғой? Мұндай жағдайда сабырлық керек, ұлым. Келіп, мұнда отыршы. Бәрі дұрыс болады. Сөйлеуге шамасы жетіп тұрса, болғаны. Бәрі дұрыс болады, көресің. Сөйлеп жатқан жоқ, жылап жатыр ғой! Ол өте мықты әйел. Аман-есен болады. Иә? Не болды? Ештеңе жоқ, Әйүп. Уайымдама. Балаң жақында туылатын сияқты. Құттықтаймын, Әйүп. Сенің кішкентай әдемі қызың бар. Қыз ба? Кішкентай қыз, ха, ха. Кіруге бола ма? О, әлі емес, жігітім. Олар дайын болғанда саған айтамын. А! Ха, ха, ха. Құттықтаймын, Әйүп! Ха, ха, ха, ха, ха. Нұх! Бәрі бітті енді. Бері кел. Сен аға болдың, Нұх! Кімді туды? Кішкентай қыз. (көңілсіз) Ааа. Мен сізді құттықтаймын, ата болдыңыз. Ха, ха, ха, ха, ха, біздің тұңғышымыз жаңа ғана туылды. О! Құттықтаймын! Ха, ха, ха! Қыз екен. Оны көрдің бе? Сара қалай? Мен... мен білмеймін. Олар мені кіргізбеді. Сеніңше оның қалы жақсы ма? Бәрі дұрыс болады деймін, Әйүп. Әке. Құттықтаймын! А, Жақып! Мұса, Жақып, Нұх, Әйүп. Келіңдер, әдемі қыздарыңа қараңдар! Ах, ха, ха, ха, ха, апаршы мені, балам. (қуанып) Ха! Қалай, ұстап көргің келе ме? Иә! Әке. Иә. Кішкентай қызымыз. Керемет. Сондай әдемі. Әке, батаңызды бересіз бе? Иә. Мына қиын дүниеде, осы қиын заман кезінде, ата-бабаларымыздың Құдайы осы кішкентайымызға жар болсын, өміріндегі қиыншылықтарда оған көмегі жетіп тұрсын. Оған жақсы денсаулық, бақыт пен ұзақ өмір берсін. (көңілсіз) Және өзінің әжесіндей мейірімді, жақсы адам болсын. Әжесі оны көре алмай кетті ғой. Атын кім деп қоясың? Ләйла, әжесінің атын қояйық. Ләйла. Өзі сондай сүйкімді. Иә, балам. Дәуіт? Сен қайдан келдің? Дәуіт! Қалай шықтың ол жерден? Қашып кеттің бе? Қашқаны несі? Жоқ. Одан да керемет. Мені жібере салды. Сені ұрған ғой. Қалың дұрыс па? Иә. Қарның ашқан шығар. Дәуіт! Әке! Дәуіт! А! О! (таңғалып) Мынау қалайша? Олар мені жібере салды, әке. Саған айтар көп нәрсем бар. О, кел, жиен қарындасыңмен таныса ғой, сөйтіп бізге не болғанын айтып бер. Сәби осында ма? Иә. Жақсы болыпты. Бұл жерде... бола алмағаным өкінішті-ақ. Білеміз, балам. Бірақ қазір осындасың ғой. Қанша уақыт боласың? Олар сені қайта алып кетпейді ме? Олардан қашуың керек емес пе? Жоқ, қарындасым. Енді қашпаймын. Сізге отыруға көмектесейін, әке. Сәбилерің әдемі екен. Сенің үйге қайтып келгенің ол үшін ең жақсы сыйлық, Дәуіт. Бізге не болғанын айтып берші. Ривка апай. Сіз не болғанын білетін шығарсыз. Үйіңе қош келдің, Дәуіт. Ривка апайдың күйеуі мен үшін сонда барып араға түсіпті. Айыппұлды да төлеген сол. Мұның бәрін қазір айтпай-ақ қой, Дәуіт. Сізге әрқашан қарыздар боламын, апай. Сізге және күйеуіңізге. Бір күні өтеп беремін. Сен бізге еш қарыз емессің, Дәуіт. Жоқ, қарызбын. Және тағы бірдеңе үшін. Айтшы бізге. Римдіктер мені ұстап әкеткеннен кейін күнде тергеді, кейде күніне бірнеше рет, және түнде де. Олар менің сыбайластырымның кім екенін білгілері келді. Мен айтқым келмеді. Айтсам, мені өлтіре салатынын білгенмін. Олардың мені ұрып қинағанына шыдап, тірі қалмақшы болғанмын. Бірақ ақыр соңында сұрағанын айтып бердім. О, Дәуіт. Олар ол жағынан өте шебер екен. Сөйтіп, олар ұруды тоқтатты. Кейін мені қашан өлтіреді екен деп күттім. Өйткені менде олар үшін бағалы ештеңе қалмады ғой. Тергеу тоқтағаннан кейін екі түн өтті. Мен ұйықтап жатқан едім. Түн ортасында бірдеңеден оянып кеттім. Жан-жаққа қарасам, бәрі ұйықтап жатыр, күзетшілер кетіп қалған болатын. Сол кезде мен Оны көрдім. Кімді көрдің, Дәуіт? Оны. Сенің Исаңды, Сара. Ол менің алдымда пайда болды... Оны дәл сені сияқты анық көрдім. Сонда не істедің? Оның аяғына жығылдым. Оның түрі сондай ғажайып болды! Ол етегі аяғына дейін жететін ұзын шапан киіп, кеудесіне алтын аспа бау таққан екен. басындағы шашы ақ мамықтай әрі қардай аппақ, ал көздері оттай жалындаған екен. Аяқтары пеште балқыған қоладай жалтыраған, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей естілді. Бұның бәрін Дәлия есту керек. О, жарайды. Рақмет. Мен қатты шошып кеттім! Біріншіден, Ол маған тек қарап қана тұрды. Ал мен Оның көзінен өзім жасаған нәрселердің бәрін көрдім. Дәлия, мен сені іздеп жүрген едім! Не болды? Мәселе бар ма? Мәселе? Ешқандай мәселе жоқ. Бір жағдай болды, сондай... керемет! Сара бүгін бала босанды. Тамаша! Иә, қыз тапты. Оған анамыздың есімін қойды. Не? Бірақ тағы жаңалық бар! Дәуіт қайтып келді! Қалай қайтып келді? Ол оны... білесің ғой... Жоқ. Ол тірі! Және ол Иемізді көріпті! (күлгісі келіп) Не деп тұрсың, Мәриям? Жүрші. Қазір менімен бара аласың ба? А-а, иә, бара аламын. Тездет! Қанша уақыт сиынғанымды білмеймін, бірақ ақыр соңында ұйықтап қалыппын. Келесі күні оянғаннан кейін не болғанның бәрін тұтқындарға айта бастадым. Исаны көргенімді. Ақыры өлемін деп ойлағандықтан ештеңеден қорықпайтын болдым. Оларға көргенімді айттым. Кейбіреулері Иеміз Исадан кешірім сұрап, тәубеге келді. Тұтқындардың біреуін келесі күні алып кетіп, айқышқа шегеледі. Бірақ ол қорыққан жоқ! О, Дәуіт. Келесі күні таңертең мені алып кетуге келді. Уақытым келді деп ойладым. Қалған тұтқындардың бәрімен қоштастым. (асығып) "Бәріміз Әкеміздің үйінде кездесеміз. Исаға сеніңдер", - дедім. Бірақ апарып сабаудың орнына сақшылар шынжырды шешіп, маған: "Кете бер", - деді. Олар маған айып пұл төленгенін және әміршінің маған рақым көрсеткенін айтты. Кетіп бара жатқанда Ривка, сіздің күйеуіңіздің сот үйінен шыққанын көріп қалдым. Ол бұрылып, маған қарады және оның мен үшін айыппұл төлегенін сонда білдім. Бұл солай болды ғой, иә? Иә, ол солай істемекші болған. Бірақ оның мұны істей алғанын сен келген соң, қазір ғана біліп отырмын. О, Дәуіт, сенің өз отбасыңа аман-есен оралғаныңа сондай қуаныштымын. Және одан да зор қуаныш: сенің Көктегі Әкеңмен қарым-қатынасыңды түзеткенің. Мұның соңы болар ма екен! Енді мына әйелге қарыздар болып қалдым, ұлымды алдап-сулап адастырған! Мұса, сен маған да, күйеуіме де еш қарыздар емессің. Құдайға арамызда істеген кереметтері үшін алғыс айтып, татулықта өмір сүрейікші! Өзіміздің туысқандарымыз не дейді? Ақсақалдар мен көршілеріміз ше? Әмірші Дәуітке қарсы жаңа айыптар тағады ғой! Исаның жолын қуушылар ылғи бәлеге ұшырап жүреді! Басқалардың не ойлағаны маған бәрібір, әке. Өйткені мен... Иемізді көрдім. Ол өліп, қайта тірілген Тұлға. Әке, Ол қазір де тірі және мені кешіріп, азат еткен де Сол! Бұл Ізгі хабар ғой! Сенің аман-есен қайтып келгеніңнің өзі ізгі хабар: Енді абайлап сақтанып жүр, ұлым. Енді басқа есалаңдардың тобына қосылмашы! Дұрыс нәрселер істесеңші. Тұрақтан. Отбасыңа қарап, көмектес. Басыма тағы бейнет керек емес. Ойланатын, жауапты жігіт болшы. Осы нәрсені ішіңде ұсташы, өтінемін! Әке, сізді түсінемін, бірақ олай істей алмаймын. Ізгі хабарды басқаларға айтуым керек! О, бұл неткен қасірет! Ұлым да есалаң болды. Әке, жаңа өзіңіз көргендей... Жоқ, сен жынданып кетіпсің! Ауыр соққыдан сенің есің ауып қалыпты. Мұса! Киелі Рухтың істеген игіліктері жайлы бұлай сөйлеп, Оны қорлама. Құдай ұлыңды саған аман-есен алып келді емес пе! О, мұның барлығы керемет, Мұса. Нұра, сіз ұзақ өмір сүрдіңіз. Өзіңіз байқағандай, Дәуіттің мұнда көп міндеттері бар. Исаның сөздері әрқашан менің есімде, Мұса. Оларды маған үйреткен... сенің әйелің. Мәсіхтің соңынан еру тіпті отбасымыздан да маңызды. Өйткені Иса бізді шақырады. Иса мені айқышымды арқалап Оның соңынан еруге шақырады. "Айқышымды арқалап" дейді? Иса Өзінің айқышын арқалап, бізді өлімнен құтқару үшін дәл сол айқышта өлді. Оның жолын қуушылар Ізгі хабарды тарату үшін... қандай болса да азап шегуге дайын болуымыз керек. Петір мен шәкірттерге қараңыз. Бәрі азап шекті. Кейбіреуі тіпті сенімдері үшін өлді де. Мұса, Иеміздің соңынан ерудің тек бір жолы ғана бар. Оған бүкіл жан дүниеміз бен өмірімізді арнау. Мен Оған еш намыстанбаймын, әке. Оның істегенін мен қалай жасыра аламын? Мен мұны бүкіл әлемге жариялағым келеді. Әке, Дәуіт, басқа жерде сөйлесейікші. Сара шаршады. Бала екеуі біраз демалсыншы. Келіңдер! Енді тойлайық. Көмектесейін, әке. Қолыңызды беріңіз. Жүріңіз. Бауырым. Ха-ха-ха. О! Ха, ха, ха, ха. Ой, кешірші. Бұл жақсы жаңалықты естуге қуаныштымын. Бәрі бірдей мәз болмас. Бірақ маған бәрібір. Сен батыр екенсің, Дәуіт. Жоқ, олай емес. Мен батыр емеспін. Бірақ мен кешірілдім. Жақып, мен бұрын ешқашан бұлай қуанбағанмын. Демалыңыз, әке. Мен сізге тамақ әкелейін. Бәрі де жақсы болады. Көресіз. Дәлия, сен қайда кеттің? Мен кетуім керек, Мәриям. Бірақ біз бірге тамақ ішпекпіз және Дәуіт тағы әңмігесін айтпақшы. Бұның бәрі маған тым көп болып тұр. Не ойларымды білмей қалдым ғой. Мен негізінде... кетуім керек. Бірақ... Сау бол. Дәлия. Дәлия! Сіз осы әңгімедегі кейіпкерлердің қайсысына көбірек ұқсайсыз? Дәуіт түрмеде болғанда оған не болды? Мұса мен Дәлия Дәуіттің әңгімесінен кейін неліктен сондай әрекеттер жасады? Сіз енді Дәуіттің өмірінде қандай өзгерістер болғанын күтесіз? Сіздің өз сеніміз жайлы әңгімеңіз қандай?
JesusFilm