Ривка
Жел мен құдықтар.
Біз кетуіміз керек.
Мен қайтып келемін.
(әлсіз дауыспен) Біз қайтып келеміз.
Жетеді деп ойлаймын, Нұх.
Анашым, қалыңыз қалай?
Аздап шаршадым.
Ол демалуы керек.
Жүріңіз, анашым. Сізді үйге апарып, жатқызайық.
Әуре болма.
Кешіріңдер. Сонда бармауым керек еді.
Уайымдамай-ақ қой, Ләйлә. Сені апарып жатқызамыз.
Анашым? Не болды?
Біз Әмираға тағы барып қайттық. Анаң тым көп жүріп қойды ғой деймін.
Анамызға көп жүруге болмайды. Оның орнына сен бармадың ба?
Мен киім жуып жатқанмын, кеткендерін тіпті білмедім!
Қыздар, ұрыспаңдаршы. Менің барғым келді.
Ол неге Әмираларға бара береді?
Көмектесем деп, өзін құртады ғой.
Олардың ауруларының шегі жоқ, бірақ өздері өлместен бұрын анамызды өлтірер.
Сара,
Олай демесеңші.
Рас қой, өзің де білесің.
Біреу мұны тоқтатуы керек.
Әмираның отбасына сонда не болған?
Саранікі дұрыс. Олар ылғи ауыра береді.
Анаң олардың құдығындағы судың ластанғандығын айтады.
Оларға қалаға келіп су алыңдар деді.
Олар солай істеді.
Екі ай бұрын өз құдығынан су ішуді тоқтатып еді,
дереу тәуірлене бастады.
Бірақ кейін...
Тым алыс, әуресі көп деп қалаға келмей қойды...
Қайта өз құдықтарынан су іше бастады.
Сөйтіп қайта ауыратын болды.
Енді
мұндай қырсық, ақымақ адамдарға уақыт бен күш жұмсап қайтесіз?
Ол түсінбейді.
Ол сені жақсы көреді...
Сондықтан түсінбейді. Сара жайлы уайымдамай-ақ қой.
Демал.
Біраз су іш.
Енді ұйықта.
Ұйықта.
Кеттік.
Әкем саған, бізге қарасын деді. Сен анамызды онда жібермеуің керек.
Қалай жібермеймін?
Барғысы келсе, мені тыңдайды дейсің бе?
Ол Құдай оған бірдеңе істеуге бұйырды деп ойласа, мені тыңдамай-ақ соны істейді.
Мұның шын емес. Анамыз сені тыңдайды.
Оған Ривканың үйіндегі апталық жиындарға барма деп айтсам да…
Мұны саған апарысайын.
ол бара береді.
Мәриям екеуің де солай.
Бұл басқаша.
Аа, солай ма еді?
Дәуіттің айтқаны үшін кешірім өтінемін.
Күйеуімнің немере ағасы,
алғаш рет оған келіп, римдіктерге салық жинаушы болуды ұсынғаны есімде.
Һарон осы қызметтің, оның беделін түсіретіні жайлы уайымдады.
Сондықтан Тиберидегі үйімізді тастап, осында жұмыс істеуге келді.
Ағаңның мені жақтырмауға жөні бар.
(ентігіп) Мұнда екеніңді Сара айтты.
О! Нұра!
Қалайсыз?
Жақсы. Өзің ше?
Жақсы.
Ал сен ше, Мәриям?
Анам тағы да ауырып қалды.
О, қиын болған екен!
Қалғанымыз аманбыз.
Рақмет.
Саған қояр сұрақтарым бар, Ривка.
Сұрақтар? Не жайлы?
Киелі Рух жайлы?
О! Оңай сұрақтар.
Менің ешқашан оңай сұрақтар қоймайтынымды білесің ғой. Оңай нәрселерді мен өзім-ақ табамын.
Әрине.
Мәриямға кірді ілісіп біткенше,
мұнда отыра тұра аласыз ба?
Мұнда самал жел бар
Әлгі
сен айтқан Киелі Рух…
оның мағынасы қандай?
Ол...
былай ғой...
Иса көкке көтерілместен бұрын
шәкірттеріне, Өзіне сенгендердің барлығымен әрқашан бірге болатынын айтты.
Демек Оның Рухы, Киелі Рух бізбен бірге болады. Сондықтан
біз Исаны көрмесек те, мысалы, желді сезгендей,
Оның қасымызда екенін сезінеміз.
Мына киімдерге қараңызшы... Жел соққанда желбіреп жайқалып тұрады.
Сіз де желді сезінесіз.
Жел соққан кезде, жапырақтардың ұшқанын көресіз.
Желбіреген қиімге, шайқалған талдарға қарап, өзіміз де сезіп...
желдің соққанын білеміз.
Біз желді
көре алмаймыз,
бірақ оны сезе аламыз.
Дәл солай, біз Киелі Рухты көре алмасақ та,
Оның қасымызда екенін сезінеміз.
Және де Оның осы әлемге, айналамыздағы адамдарға және өзімізге деген ықпалын...
көре аламыз.
Оның менімен бірге екенін сеземін,
бірақ кейде бірге емес сияқты.
Оның қасымызда екенін үнемі сезінсек,
онда біз сеніммен өмір сүрмес едік.
Дұрыс, Мәриям.
Біз сезіммен емес, сеніммен өмір сүреміз.
Бірақ, біз әрқашан Киелі Рухтың құдіретіне жүгініп... өмір сүре аламыз.
Бұл жағдай қайықтың желкенін желдің бағытында ұстағанға ұқсайды ма?
Иә,
Солай деп ойлаймын. Демек... Желдің күшін желкенмен ұстау керек.
Бұл сенімге негізделген әрекет.
Біз Құдайдан өзімізді Киелі Рухпен...
толтыруын өтінген кезде
Ол Өзінің құдіретімен өмірімізді бағыттайды.
Сеніп мінажат еткенде.
Ал,
мысалы,
біз құдықтан су алғанда ше?
Ол да Киелі Рухқа кенелгенге ұқсайды ғой?
Қандай мағынада, Мәриям?
Қаладағы құдықтан таза су ішсек, денсаулығымыз жақсарады.
Әмиралардың құдығындағы су нашар, мен кейде сондай боламын.
Айтайын дегенім, мен кейде Құдайдың қалағанын істегім келмейді.
Кейде мен қырсық әрі мейірімсіз боламын.
Бұл суы жаман құдықтан ішкенге ұқсас қой?
Солай шығар, Мәриям.
Әмиралардың құдығына не болды?
Оның айтайын дегені Әмиралардың құдығы біздің ескі күнәлы болмысымыз сияқты,
ол болмыс зұлымдық пен алдауға бейім.
Ал қаладағы құдықтағы таза су Құдайдың Рухы сияқты.
Ол былай болады.
Біз Исаның құрбандығын қабылдап, Құдаймен қарым-қатынаста болғанда,
Киелі Рухты жүрегіміз бен өмірімізге қабылдаймыз.
Бірақ Құдай бізді Өзіне мойынсұнуға күштемейді.
Біз жамандыққа бейім күнәлы болмысымыздың жетегінде немесе Құдайдың
Рухының жетегінде жүреміз бе, оны өзіміз таңдаймыз.
Киелі Рух бізді, Құдайға ұнамды, дұрыс әрекеттер жасауға жетелейді.
Дегенмен, кейде Киелі Рухқа кенеліп өмір сүру қиын болады.
Мәселен, Әмираның отбасына алыс жол жүріп келіп,
осы қаладан таза су алу ыңғайсыз болған.
Осылайша біз де "ескі құдық" сияқты бұрынғы әдеттерімізді тастай алмаймыз.
Бірақ,...
ескі жолдарымыз бен жаман әдеттерге салынған кезде,
біз Құдайға күнәларымызды мойындай аламыз.
Біз Одан кешірім сұраймыз.
Сонда біз "жаңа құдықтағы" судан ішіп, Киелі Рухтан жігер алуды таңдай аламыз.
Сонда барлығы дұрысталады ғой.
Яғни,
біздің Құдаймен қарым-қатынасымыз қайта жақын, әрі айқын болады,
дегенмен күнәның зардабы бар.
Және
біз жиі
сол зардаптарды көруге мәжбүр боламыз.
Мен бүгін ескі, лас құдықтан су алғандай болдым.
Ол не дегенің?
Анамның Әмираларға барғанына ашуланып,
соны айтып салғым келді. Анам ауру болғандықтан өшімді одан емес, сенен алдым.
Оным дұрыс болмады.
Мен... мұның Құдайға ұнамайтын сезсем де, саған айқалап тастадым.
Мені кешіресің бе, Мәриям?
О, Сара.
Мен де бүгін сол "ескі құдыққа" бірнеше рет бардым.
Жел?
Құдық?
Не деп тұрғандарыңды түсінбеймін.
Құдайдың кім екенін және Оның осы әлемде не істеп жатқанын
біз негізінде толық түсіне алмаймыз.
Біз білуге тиіс ең маңызды нәрсе мынау:
Құдай Киелі Рух арқылы бізбен әрқашан...
бірге болады.
Иса әрқашан бізбен бірге боламын деп уәде берген.
Бізді ешқашан тастап кетпейтінін айтты.
Киелі Рух Оның Өз сөзінде тұратынын растайды.
Біз ешқашан жалғыз қалмаймыз.
Біз күнәларымызды әрқашан Оған мойындап,
Оның күшін беретін таза құдығынан су ішуді таңдай аламыз.
Құдай менімен бірге.
Бұл жақсы жаңалық.
Иә! Дәл солай!
Барып анамның қалын білейін.
Мен де үйге қайтуым керек.
Әлгі құдықтар жайлы...
Меніңше... Ләйлә бірде маған
Исаның біреуге "өмір суын" бергені жайлы айтып еді.
Иса сонда Киелі Рух туралы айтқан ба?
Иә,
иә.
Иса Самарияда құдықтан су алып жатқан бір әйелмен кездесті.
Мағдалалық Мәриям да сонда болған.
О!
Мәриямның айтуы бойынша, сол әйелдің жүзі қатты өзгеріп кетті.
Исаның сөздері оны мүлдем өзгертіп жіберді.
Өйткені ол Иса айтқан "өмір суын" ішкен болатын.
Бұл туралы біраз білемін.
Өмірімді Исаға тапсырғаннан кейін ішкі дүнием тазарғандай сезінемін.
Тап-таза салқын су ішіп, жуып-шайылғандай болып жүрмін.
Апай, сол суды іше беріңіз.
Және Құдайдан алыстап бара жатқандай сезінсеңіз,
Оған қайтып келіп, сізді Одан алыстатқан нәрсені мойындаңыз,
және
Киелі Рухқа
қайта-қайта кенеліңіз.
Мұндай жағдай бір рет қана болмайды,
ол өмірімізде қайталана береді.
Талай жылдар өтті,
өмірім осындай болып кетеді деп ойламаппын.
Ұзақ уақыт осы "сусыз" өмір сүргендіктен, енді оны көбірек бағалайтын боларсыз.
Жақсы,
менің кетуім керек. Әмираға соға кетемін деп уәде бергенмін.
Ал мен Ләйләнің қалын білейін.
Сізбен барсам бола ма, апай?
Әрине, қарағым.
Ривка апай, сіз де кейде ескі құдықтан су аласыз ба?
Әрине, Мәриям.
Қай кезде?
Мәселен,
Мен күйеуіме айтқан кейбір сөздеріме бола өкінемін.
Мен де Сара мен Дәуітке айтқандарыма мәз емеспін.
Бірақ шынымды айтсам, олардың өздерінен де бар!
Мені әрқашан бір кішкентай қыздай көреді.
О,
адамдар бізді ызаландырады.
Бұл сөзсіз болатын құбылыстар.
Бірақ бізде әрқашан да таңдау бар.
Алдымыздағы мына екі жолға қарашы.
Біз қай жолмен кететінімізді таңдай аламыз ғой.
Біз Құдайға мінажат етіп,
Одан өз қолымыздан келмейтін нәрсені істеуін сұрай аламыз.
Ол бізге жағымсыз адамдарды жақсы көретін қабілет және
сыналғанда шыдамдылық бере алады.
Немесе,
Құдайды тыңдауға түрткі болатын ақырын дауысты елемей,
біреуге айқайлап тастауды,
тіпті біреуге жамандық жасауды,
не қырсықтық істеуді таңдай аламыз.
Адам үлкейгенде оған дұрыс жүру оңайырақ бола ма?
Қалай айтсам,
бұл біздің қалыптастырған әдеттерімізге байланысты. Құдайға ризашылық білдіріп,
Оған мойынсұнып өмір сүрген сайын бізге Оның дауысын естіп, жауап беру...
оңайырақ болады. Дегенмен біз өз жолымызға қайтуға...
үнемі азғырыламыз.
Мен осы жолды таңдаймын.
Бұл жол бізді Әмираларға апармайды ғой.
Білемін.
Менімен бірге жүргеніңе рақмет.
Киелі Рух қай жағынан желге ұқсайды?
Әмира мен құдықтар жайлы әңгіме біздің Құдаймен бірге бастаған жаңа өміріміз туралы не білдіреді?
Сіз ең соңғы рет қашан ескі болмысыңыздың қалауын орындадыңыз? Бұның зардабы қандай болды?
Біз ескі әдеттерімізді қандай тиімді жолмен өзгерте аламыз?
Сіз Киелі Рух жайлы не біліп үйрендіңіз?