10/12Ривка · 12 бөлім

Түсірілген тігіс

Кешірім түсірілген тігіс сияқты. Дереу түзетпесе, ащы тесігі барған сайын үлкейе береді. Иса Өзінің есімі үшін азап шеккендей адамдардың да азап шегетінін айтты. Ривка басқаларды оқытқанымен, оның да күнәмен күресетінін көреміз. Ешкім мінсіз емес. Барлығына Иса керек. Пауыл Жаңа Келісімде жауап беруді үйреткендей басқаларға жауап беру - таңдау. Бұл таңдауды тек Рухқа сүйену арқылы жасауға болады. Және таңдау басқалардың қалай жауап беретініне қарамастан жасалуы керек. Қатысқан басқа адам кешірім сұрамауы мүмкін. Және олар сіздің кешіріміңізді ешқашан қабылдамауы мүмкін. Бірақ олардың реакциясы біздің кешіру және кешірім сұрау қабілетімізге әсер етпеуі керек.

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Інжіл дәйексөздері

Бөлісу
Colossians 3:12-15

Therefore, as the elect of God, holy and beloved, clothe yourselves with hearts of compassion, kindness, humility, gentleness, and patience. Bear with one another and forgive any complaint you may have against someone else. Forgive as the Lord forgave you. And over all these virtues put on love, which is the bond of perfect unity. Let the peace of Christ rule in your hearts, for to this you were called as members of one body. And be thankful.

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Romans 12:14-19

Bless those who persecute you. Bless and do not curse. Rejoice with those who rejoice; weep with those who weep. Live in harmony with one another. Do not be proud, but associate with the lowly. Do not be conceited. Do not repay anyone evil for evil. Carefully consider what is right in the eyes of everybody. If it is possible on your part, live at peace with everyone. Do not avenge yourselves, beloved, but leave room for God’s wrath. For it is written: “Vengeance is Mine; I will repay, says the Lord.”

Berean Standard Bible

Public Domain

Толығырақ...
Тегін ресурстар

Інжілді тереңірек түсінгіңіз келе ме?

Інжіл зерттеу тобына қосылыңыз

Транскрипт

Kazakh (Қазақ тілі)
Ривка. Өрнектегі үзік Сара! Иә, әке. Мені ана әйелдің үйіне апаршы. Бұл не дегеніңіз, әке? Қандай әйелдің? Әлгі Ривка? Онда не үшін барғыңыз келеді, әке? Оның алаяқ күйеуімен сөйлесуім керек. Менің ұлымды ұстап берген сол, қарғыс атқан. Әке, римдіктер Дәуітті бірнеше ай бойы іздеп жүргенін өзіңіз де білесіз. Өткен түнде болған жағдай сұмдық, бірақ, әке Дәуіттің өзінен де бар ғой. Оны бәріміз білеміз. Ондай болса, римдіктер оны қайдан ұстау керек екенін қайдан білді? Менімен дауласпа! Апар мені сонда! Мен сізді апарайын, әке. Келіңіздер. Мұса, Әйүп, қош келдіңіздер. Жоғарылатыңыздар. Дариға, қонақтарға біраз сусындар әкеп бересің бе? Мұнда отырыңыз, әке. Рақмет. Дәуіттің қалы қалай, жаңалық бар ма? Жаңалық жоқ, және бұл үйден мен ештеңе ішпеймін де, жемеймін де. Һарон қайда? Күйеуің қайда? Ол үйде жоқ. Ол әміршімен кездесу үшін ерте кеткен. Екеуі қосылып мәз болып отыр де? О, не айтып отырғаныңды түсінбеймін! Кеше сонда болдың ғой? Соңына дейін жүрдің ғой, иә? Қойыңыз! Тыныш отыр! Дәуіттің ұсталғаны өкінішті-ақ. Һарон бүгін бұл жағдай жайлы әміршімен сөйлеспекші болған. Ақымақ әйел. (ашулана) Бұл жайлы олар баяғыда сөйлескен. Ұлымның қайда болатынын римдіктерге одан басқа кім айтты дейсің? Отбасыңның кеше қайда болатынын бүкіл қала білген емес пе! Бұл бәріне мәлім болған. Мұндайда римдіктерге жеткізуші қажет емес. (ашуланып) Маған былай сөйлеуге қақың жоқ, күйеуім жайлы да былай сөйлеуші болма. (ашуланып) Өзіңді де, күйеуіңді де қарғыс атсын! Әке! Мені қалайша қарғайсың? Отбасыңа талай жақсылық жасадым ғой? Маған және отбасыма сенен бәледен басқа ештеңе келмеді. Ривка апай. Кешіріңіз. Оны ертіп әкелмеуім керек еді. Ертіп әкелмесең не, мұнда өзім келе алмайды дейсің бе? Мені әлсіз бейшара дейсің бе? Күйеуің екеуің өздеріңді басқалардан артық санайсыңдар. Ақшаларыңа бола даңдайсып жүрсіңдер. Бізді масқара етіп жүрсіңдер! Масқара! Сіз өзіңізді масқара етіп жүрсіз, Мұса! Есалаң сияқты адамдарды қарғап! Апай. Ривка, апай. Сізге тағы бір кісі келді. (жылап) Кім ол, Дариға? Әлгі жесір апай, Нұра. (жылағанын қойып, сабырлықпен) Хм, ертіп алып кел, жарайды ма? Мына түрің не, жылағансың ба? Мұнда не болды? Қақпаға жақындағанда Мұса мен Әйүптің кетіп бара жатқатын көрдім. Менімен тіпті амандасқан да жоқ. О, Нұра. Мен... сондай ұят жағдай, тіпті айтуға ұяламын. Айтшы, айтшы. Жағдай сондай нашар емес шығар. Қандай мәселе? О. (Бірдеңе тоқып отырғаны жайлы) Ойбай, бір ілуді ұмытып кетіппін. Сараның баласына тоқып жатырмын. Сол жерден қайта бастап тоқымасаң, бүкіл бұйымың дұрыс болмай қалады. Өзі не болып жатыр? А? Мұса Дәуіттің ұсталғанына қатты ренжіп жүр, ашуланып келіп маған күйеуім жайлы қай-қайдағы нәрселерді айтты. Содан соң мен де ашуландым. Олай істемеуім керек еді. Бәріміз де ашуланамыз. Өзіңді қатты сөге берме. Мен оған қатты ашуландым. Мен де намысына тиетін... жаман бірдеңе айтқым келді. Және соны айттым да. Ол Дәуіттің ұсталғанын Һароннан көріп жүр, ал әйелі мен қыздарының Исаға сенгені үшін мені кінәлайды. Бұны да жөндей алмаймын! Бұны әзірше қоя тұр. Дегенмен, Ривка Мен осындай жағдайға түссем, сенің маған не айтатыныңды білемін. Мен не айтар едім? "Оны кешіре сал", - дер едің. Иә, дәл солай. Бұл жағдай жаңағы өрнектегі үзікке ұсқайды. Осы жағдайды қолыңа алып, Мұсаны кешірмесең, ренжігеннен пайда болған жараң үлкейе беретін болады. Құдай сыйлаған жан тыныштығың бұзылады. Ашу мен ренішке беріліп, уақытыңды босқа кетірмей-ақ қой. Маған Исаның сөздерін айтқаның есіңде ғой... адамдар бізді Оған бола жек көретін болады. Мәсіхке бола бірге қудаланатын жақсы достарың бар ғой. Дұрыс айтасыз. Бірақ мұндайға төзу кейде қиын болады. Сен маған тағы айтқансың. Иса: "Егер барлық жұрттан мақтау естіп жүрсеңдер, қасіретке қаласыңдар", -деген. Бұны бірінші естігенде қатты таңғалған едім. Алғашқыда бұл сөздердің мағынасын мүлдем түсінбедім. Әрине. Мен Мұса үшін мінажат етіп, оған бата берудің жолын табуым керек. Аа. Иә. Рақмет сізге, Нұра. Мен адамдарға және Мұсаға бұрынғы әдетім бойынша қарауға өзіме жол беріп қойыппын. Ол үшін дәл қазір мінажат етіп, оны неге кешірмеске, Ривка қымбаттым. Әке, Мұсаға ашуланғаным үшін Сенен кешірім сұраймын. Исаның атымен оны жарылқауыңды өтінемін. Оған рақымыңды төге гөр. Оған Өзіңнің сүйіспеншілігіңді көрсет. Оны жарылқап, көзін көретіндей етіп сауықтыршы. Уа, Құдайым, Күйеуім екеуіміз туралы айтқан барлық ауыр сөздері үшін оны кешіремін. Сонымен бірге мені балағаттап ұялтқаны үшін де оны кешіремін. Маған айтып істеген барлық нәрселері үшін оны кешіремін. Саған алғыс айтамын, өйткені оны кешіріп, мен Сенің кешіріміңе ие боламын. Рақмет, Ием! Құдай Иеміз мадақталсын, мадақталсын. Рақмет сізге, қымбатты досым. Рақмет мені Иемізге мойынсұнуға шақырғаныңызға. Енді, мен Мұсаға барып, ашуланғаным үшін кешірім сұрауым қажет сияқты. Бұл дұрыс болады дейсің бе, Ривка? Меніңше, біраз күтуің керек сияқты. Ол әлі ашулы ғой. Жоқ. Мен қате жасадым. Өз жағымнан болған әбестік үшін жауаптымын. Неге бұлай екенін білмеймін. Оған баруым керек сияқты сезініп тұрмын. Ондай болса, сенімен бірге барамын. Ең болмағанда сен үшін мінажат етейін. Не болды? Әкем біртүрлі ғой. Ашуланып келді. Бір үлкен бүлік шығарды. Кешірші. Анамыз қатты уайымдады сендер кеткенде. Қазір ұйықтап жатыр ғой деймін. Жас жұбайлар! Келіңдер! Жақып жақында ғана түрмеден шықты. Қалы қалай? Анамыз қалай? Таңертең қалы нашарлау болған. О, Сара. Қандай көмек керек? Оны ауыр соққыға жығыпты. Дегенмен аман қалыпты. Оған қандай айып тағылған екен? Римдіктерге қарсы бүлік шығарған. Құдай көмектесе гөр. Олар оны өлім жазасына кеспекші. Дәуіт бәрін түсініп тұр. Не болатынын жақсы біледі. Әке-шешесі бұл жайлы қалай сезінеді? Нашар. Әкесі қайғырып жүр, ал анасы болса... Ана. Сізге не керек? Қандай көмек берейік? (әлсіреп) Білмеймін. (әлсіреп) Білмеймін, қызым. (әлсіреп) Әбден әлсіредім, күшім жоқ. Демалуыңыз керек. (жайлап, әлсіз дауыспен) Әкелерің, әкелерің қайда? Ол алдыңғы бөлмеде. Бәрі дұрыс. Сіз өзіңізді ойлаңызшы. Нұра апай. Ривка апай! Саламат па Әйүп. Сізді тез арада көремін деп ойламаған едім. Білемін. Таңертең болған жағдай үшін кешірім өтінемін. Ол кім, Әйүп? Кіммен сөйлесіп тұрсың? А, бұл Нұра апай мен Ривка апай ғой, әке. (ашуланып) Не? О, құрып кетсін! Олар мұнда не істеп жүр? Мен кешірім сұрауға келдім, Мұса. Таңертең өзімді ұстай алмадым, кешірім өтінемін. О, Құдай көмектесші! Анашым. (асықтырып) Жақып, Әйүп! Әке, келіңіздерші! Анашым? Анашым! Жоқ! (жалынып) Жоқ, анашым, кетпеңіз! Кетпеңіз! О, анашым! Бізге керексіз! Ләйлә! Жоқ, Құдайым ай, жоқ. Осы әңгімеде сізге ең қызық болып көрінген қарым-қатынасты сипаттап беріңіз. Реніш қандай жақтан өрнектегі үзікке ұқсайды? Ашу мен ренішті Құдайдың алдында ақтауға болады ма? Неге иә немесе неге жоқ? Біз Мәсіхтің жолын қуушылар ретінде өлімге қалай қарауымыз керек? Сіздің біреуге әлі жазылмаған ренішіңіз бар ма?
JesusFilm